Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет

Комплаенс қызмет қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінен тәуелсіз, Директорлар Кеңесіне бағынышты және жауапты құрылым болып табылады, сондай-ақ қызмет қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдауда және іске асыруда тәуелсіз.

Міндеті:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі міндеті Қоғам және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, Корпоративтік әдеп кодексін, Ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады

Қызметі:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесетін реттеушілік талаптарды және озық халықаралық тәжірибелерді қамтамасыз ету;
2. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негіз қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аңықтау және бағалау;
4. Заң талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
5. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *