2 курс студенттерінің оқу практикалық жұмысы

Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты СДБАММИК 2 курс студенттерінің оқу практикалық жұмысы барысында Іңкәр Талдыбайқызы мен Азамат Мақсатұлының жетекшілігімен “Кім жылдам? ” атты эстафеталық ойындарынан сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Жарысқа 8А сынып оқушыларының ішінен екі команда құралып сайысқа түсті. Ойын: «Таныстыру», «Секіртпемен жүгіру», «Допты жоғарыдан беру», «Арқан тартыс» сынды кезеңдерден тұрды. Ойынға студенттеріміздің өздері қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша І орын – «Арлан»,
ІІ орын – «Алаш» командаларына бұйырды. Ойын соңында командалар дипломдармен марапатталды. Іс-шара соңында комиссия мүшелері студенттерімізге ұсыныстар айтып, жақсы маман болып шығатындарына сенім артып, сәттілік тіледі. 👏👏👏

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған