Алматыда қазақстандық футболдың аңызы Тимур Сегізбаевты еске алу шарасы өтті

Алматыда қазақстандық футболдың аңызы Тимур Сегізбаевты еске алу шарасы өтті. Ол – ХХ ғасырдағы Қазақстанның 11 үздік футболшысы тізіміне енген,есімі елдің «Алтын кітабына» жазылған спортшы. Тірі болса, бүгін Тимур Санжарұлы 80 жасқа толар еді. Тимур Сегізбаев – «Қайрат» футбол клубында кеңес уақытында жетекші ойыншы болған тұлға. Оны еске алу үшін Алматының орталық стадионында «Қайрат» футбол клубының ардагерлері мен Қазақстан құрамасының ардагерлері арасында матч өтті. Ойыншыларды қолдауға туыстары келіп, ол туралы жылы лебіздері мен естеліктерін айтты.