Құжаттар тізімі

Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың-олимпиадалық резерв колледждерінің (бұдан әрі – орта мектеп) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға (бұдан әрі – СДБАММИК) Оқуға түсушілер үшін 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптары:

1)Ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

2) түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);

3) түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;

5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10 және 11 сыныптарға түсу кезінде);

6) “Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат”, “1-разрядты спортшы”, деген Спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің не бұйрықтың  уәкілетті органның мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе 2 разряд”, “3 разрядты спортшы”, “1 жасөспірімдік разрядты спортшы”, “2 жасөспірімдік разрядты спортшы”, “3 жасөспірімдік разрядты спортшы”.

Спорттық атақ беру туралы бұйрықтың уәкілетті органның мөрімен куәландырылған көшірмесін немесе куәләгі,  ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі жергілікті атқарушы органның мөрімен куәландырылған болуы тиіс;

7) республикалық бұқаралық-спорттық іс – шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғанын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болса) – республикалық орта мектепке түсушілер үшін;

8) облыстық бұқаралық-спорттық іс – шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесіне енгізілген облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада немесе қалалық немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыс хаттамаларының көшірмелері (бар болса) – облыстық орта мектеп пен СДБАММИК-не түсушілер үшін.

9) 3х4 өлшемді алты фотосурет;

“Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 3-қосымшамен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы), атап айтқанда:

1) стоматологтың, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатрдың (Манту тұрақты оң реакциясы болған жағдайда)өтініші, қорытындысы берілген күнге дейін күнтізбелік 10 күннен ерте емес берілген, қанның, зәрдің жалпы талдауы туралы деректерді көрсете отырып, № 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

2) № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (бар болса);

3) № 065/е нысан бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама, жүректі, бүйректі, іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу туралы медициналық қорытындылар, электроэнцефалограмма, сондай-ақ мидың магнитті-резонанстық томографиясы негізінде жасалған медициналық қорытынды (бокс бөлімшесіне түскен жағдайда);