Мамандық

Алматы қаласы Спорт басқармасының

«Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған

мектеп-интернат-колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының

ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫ

2021-2024 оқу жылдары

МАМАНДЫҒЫ: 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт»

Білім коды мен профилі: 0100000 «Білім»

БІЛІКТІЛІК: 4S01140503 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»

Оқыту  формасы: күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту

Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай

Оқыту базасы: жалпы орта білім

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» 

мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына

ТҮСІНІК ХАТ

1. Оқу жоспары төмендегі бөлімдерден тұрады:

1.1. Тұрақты (ауыспайтын) бөлімінің құрылымы: жалпыгуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпыкәсіптік

арнайы пәндер.

1.2 Өзгермелі (ауысып тұратын) бөлімінің құрылымы кеңес беру сағаттары мен факультативті сабақтардан тұрады.

2.  Оқу жылындағы теориялық білім беру аптасына 30-36 сағаттан аспауы керек, себебі аталған оқу орнының негізгі мақсаты болып халықаралық деңгейдегі жоғары білікті спортшыларды, Қазақстан Республикасында кең тараған олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық құрама командаларына мүшелер мен үміткерлерді және де дене тәрбиесі мен спорт саласындағы кәсіптік орта білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Теориялық пәндер бойынша берілетін бұл жүктемелердің түсіндірмесі: оқу сабақтарынан бөлек спортшылар аптасына 24-36 сағат спорттық жүктеме алады (күнделікті міндетті таңғы және кешкі жаттығулары).

3.  Жалпыгуманитарлық,   жалпы кәсіптік,   арнайы    пәндерді   оқыту   барысында  оқу топтары   қалалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі   Жарғысына   сәйкес  25 адамнан  тұрады.   «Кәсіптік қазақ тілі»,   «Кәсіптік орыс тілі», «Кәсіптік шеттілі», «Өзін-өзі тану» пәндерінде оқу топтары екіге бөлінеді.

4. Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (ТСТӘ)» пәнін оқыту кезінде, жаттықтырушылық-педагогикалық

іс-тәжірибе кезінде топтар мамандығы бойынша бөлінеді.

5. Таңдау пәні ретінде 48 сағат мөлшерінде соңғы семестрде «Жобалау іс-әрекет негіздері» пәні қарастырылған.

6.  Оқыту-жаттықтыру жиындары мен жарыстарда ұзақ уақыт өткізетін оқушыларға кеңес беру сабақтары өтеді.

7. Қорытынды аттестация: 

    – Арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау,

   – Жалпыкәсіптік пәндер бойынша кешенді емтихан немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау.