Тарихы

Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының “Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты” МКҚК  2005 жылы №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында құрылды. Алматы қаласы әкімінің 29.05.2019 жылғы №2/348 қаулысымен Алматы қаласы спорт басқармасының “Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі” МКҚК болып қайта құрылды.

«Мектеп-интернат-колледжі» Республикалық және Халықаралық спорттық   іс-шараларда өнер көрсететін, Қазақстан Республикасын деңгейін абыроймен таныстыра отырып, жоғары спорттық рейтингі бар және ұлттың мақтанышы болып табылатын дарынды спортшыларды, оқушыларды тәрбиелеп отыр.