“СДБАММИК” МКҚК басшысы лауазымына Танабаева Жәмила Кемелбековна тағайындалды.

Алматы қаласы Спорт басқармасының 2023 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен “Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі” МКҚК басшысы лауазымына Танабаева Жәмила Кемелбековна тағайындалды.
Ж. К. Танабаева білімі бойынша дене шынықтыру және биология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі: 1996 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын аяқтаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының №15 лингвистикалық гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі лауазымынан бастаған.
– “№14 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы” МКҚК басшы лауазымында; (2003-2005 жж.);
– “№14 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі” МКҚК басшы лауазымында 2005-2020 – Алматы қаласы спорт басқармасының
-“№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі” МКҚК басшы лауазымында (2020-2023 жж.).
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудағы еңбегі үшін “Астанаға 10 жыл” және “Қазақстан Конституциясына 25 жыл” медальдарымен, “Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталған. “Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін” құрметті атағына ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған