Ата-аналар жиналысы

Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Бүгінде СДБАММИК-де 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарына мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік жиналыс өткізілді.Жиналыстың күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қаралды.Олар:

1.«Тәрбие отбасынан басталады» -мектеп психологы: Иманкулова Гульдана Абдукахаровна

2.Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау туралы- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Мергенбаева Айжан Амангельдиевна.

3. Мектептің ішкі тәртібі.
Буллинг, кибербулинг және электронды темекінің зияны туралы -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каршалова Айгерим Далеловна
4. Әртүрлі

Аталмыш жиын барысында ата-аналарға оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, алдағы атқарылар жұмыстар жүйесі туралы айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған