Студенттер қатарына қабылдау кеші

18.11.2022 жылы Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің ұйымдастыруымен студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас ұландар бүгіннен бастап өмір кітабінің “студенттік кезең” атты ақ парақтарында безендіретін болады. Кеш “СДБАММИК-тің жаңа жұлдыздары” атты тақырыпта өтті. Іс-шара жастарға патриоттық тәрбиені дәріптеу мақсатында Әнұран орындаудан басталды. Студенттерімізді өзінің ізгі ниетімен, құттықтау сөзімен колледжіміздің директоры Қазыбаев Еркін Абдрешбайұлы құттықтады.Кеш қонағы болып Қазақстан Республикасының эстрада әншісі әрі жарық жұлдызы Алтынбек Тәшімбетов келді. Әрі қарай кеш, талантты да дарынды студенттеріміздің дайындаған өнерлерімен өз жалғасын тапты.Салтанатты кешіміздің дәстүріне сәйкес колледжіміздің 2 курс студенттері мен қатар студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Ермек Ерсін өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.Студент атанған бақытты жастар “алғашқы студент вальсін” жас ұстаздармен билеу мәртебесіне ие болып, кеш соңында жиналған көпшілік студент жастар ұйымдастырған әуезді кештің куәгері болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған