Мектеп оқушыларын қабылдау басталды

📣7, 8, 9, 10-сыныптарға түсушілер үшін міндетті құжаттар:
1)ата-анасының бірінен (заңды өкілінен) еркін нысандағы өтініш;
2)оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің қолма-қол бар туу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);
3)оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (9-сыныпқа түскен кезде);
6) куәліктің не бұйрықтың көшірмесі немесе мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме: ” ҚР спорт шебері”,” ҚР спорт шеберіне кандидат”,” 1-разрядты спортшы”, ” спортшы”, “2 разрядты спортшы”, “3 разрядты спортшы”, “1 жасөспірімдік разрядты спортшы”, “2жасөспірімдік разрядты спортшы”, ” 3 жасөспірімдік разрядты спортшы.
Бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық атақ беру туралы бұйрықтан үзінді-көшірме уәкілетті органның мөрімен расталады, ал бұйрықтың көшірмесі немесе спорттық разряд беру туралы бұйрықтан үзінді-көшірме жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;
7) Республикалық ОМ-ға түсушілер үшін – спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орындарды иеленгені туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (болған жағдайда).;
8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесіне енгізілген облыстық, қалалық, қалалық немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орындарды иеленгені туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (болған жағдайда).
9) 3х4 көлеміндегі алты фотосурет;;
10) № 075/е нысандағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған