2021 жылдың 14-20 қазан аралығында Талдықорған қаласында бокстан жастар арасында «Жетісу кубогы» 18 -ші Халықаралық турнирі өтті. Оған Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай -ақ Қырғызстан мен Өзбекстан Республикасынан 200 -ден астам спортшы қатысты. Бұл турнирге біздің үш боксшы да қатысты.
Сман Абылай колледждің 1 курс білім алушысы, 67 келі салмақ дәрежесінде финалда Өзбекстан спортшысын жеңді.
Ермоленко Иван – 10 сынып оқушысы, 92+кг салмақ дәрежесінде 3 орынға ие болды!
Біздің жігіттерді осы турнирде жеңісімен құттықтаймыз!
Халықаралық және республикалық жарыстардың көптеген чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған біздің жаттықтырушы -оқытушылардың еңбегін атап өткіміз келеді – ҚР жоғары санатты еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ғазизов Дулатбек Аханович пен жоғары санатты тренер Ахмадиев Рахат Амантаевич. Біздің жаттықтырушылар мен білім алушы жастарымызға бұдан әрі сәттілік пен жеңістер тілейміз !!!
🥊🥇🥉